Министр: Алғашқы үш айда ел экономикасы 4,4 пайызға артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Биыл қаңтар-наурыз айларында ел экономикасының өсу қарқыны 4,4 пайызға дейін жеделдеді. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалуда, - деді ведомства басшысы.
Қуантыровтың айтуынша, еліміздің нақты сектордағы өсім 5,9 пайызды, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,8%-ке дейін артып отыр.
Салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 1,5%-ті құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6%-ті құрады, -деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.