Министр әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Светлана Жақыпова әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.
Министр 2011 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілгенін атап өтті.
Құрметті әріптестер, Сіздерді келе жатқан Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – бұл әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы мен құндылығын атап өтіп, әлеуметтік қызметкерлерге ерекше еңбектері үшін ризашылық пен құрмет көрсетілетін күн. Бұл мереке бізге қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға қамқорлық пен қолдау көрсету қажеттілігін және әлеуметтік әділеттілік пен теңдіктің маңыздылығын еске салады. Сіздерге ерекше күтім мен қамқорлықты қажет ететін адамдардың мәселелерін шешу жүктеледі. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, жұмыссыздардың және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының жағдайын жақсарту жолында қосып жатқан үлестеріңіз айрықша, - деді ол.
Жақыпова әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы тек еңбекқорлық пен істеріне деген адалдықты ғана емес, сонымен бірге салқынқандылық пен сезімталдықты, үлкен шыдамдылық пен жанашырлықты қажет етеді.
Азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндеті деп білетін кең жүректі адамдар – бұл елді нығайтуға елеулі үлес қосатын біздің көзге көрінбейтін батырларымыз. Сіздердің жұмыстарыңыз тек еңбекқорлық пен өз істеріңізге деген адалдықты ғана емес, сонымен бірге салқынқандылық пен сезімталдықты, үлкен шыдамдылық пен жанашырлықты қажет етеді. Сіздердің тікелей қолдауларыңыз адамдарға сенімділікпен қатар өмірдің қиын сынақтарын жеңуге күш береді. Барлығы үшін сіздерге алғыс білдіремін! Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ел игілігі жолында жасап жатқан жұмыстарыңыз бен болашақ бастамаларымыз халық алдында лайықты бағалана берсін! Әлеуметтік саладағы ерекше еңбектеріңіз бен маңызды істеріңізге сәттілік, өздеріңізге қажымас қайрат тілеймін. Шаңырақтарыңыз бақыт пен берекеге толы болсын, – деді Светлана Жақыпова.