Министр ағаш отырғызу арқылы Аралдың жағдайын қалай шешіп жатқанын айтты

Орманды молықтырумен қатар экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Арал теңізінің құрғаған түбінде орман мелиорациялық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстарды қорғау министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның атап өтуінше, сексеуіл отырғызу жұмыстары 2021 жылы 101 мың гектарда және 2022 жылы 250 мың гектарда жүргізілді.

Бүгінгі таңда отырғызылған сексеуілдің жалпы алаңы 546 мың гектарды құрайды және 2025 жылға дейін 1,1 млн. гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының елді мекендерге 15 млн көшет отырғызу тапсырмасы бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының елді мекендерін көгалдандыру және жасыл аймақтарды құру бойынша өңірлік жоспарлар бекітілді. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын 3 млн көшет отырғызылуда, - деді Нысанбаев.

Министрдің мәлімдеуінше, 2021-2022 жылдары 7 млн ал биылғы жылы 1,1 млн көшет отырғызылды, осы жылдың желтоқсан айына дейін жоспар толығымен орындалатын болады.

Биыл орманды қорғау жөніндегі іс-шаралар аясында мемлекеттік орман қоры аумағында 16 мыңнан астам рейд жүргізілді. 6 мың текше метр көлемінде орманды заңсыз кесудің 214 фактісі анықталды. Келтірілген залал сомасы - 425 млн теңгені. Бұл фактілер бойынша 61 бұзушыға 207,5 млн теңге сомасында талап-арыз (иск) ұсынылды. 17 көлік құралы мен 40 ағаш кесу құралы тәркіленді, - деді Экология министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ОКҚ
Өзгелердің жаңалығы