Министр АЭС туралы теріс ақпарат тарап жатқанын айтты
Бұл жайында бүгін мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр БАҚ-та теріс ақпарат тарат жүргенін айтады.
Біз БАҚ-та бұрмаланған ақпарат тарап жатқанын байқап отырмыз. Үлкен ауылында (Алматы облысы) АЭС салуға қатысты тыңдау өтіп, нәтижесінде тұрғындар атом электр станциясын салуды қолдап, соңғы шешімін айтты деген. Бұған түсінік беру керек. Біз Қазақстан азаматтары ретінде Үлкен ауылының тұрғындарының пікірін құрметтейміз. Олар (АЭС-ті) орналастыруға келісімін берді. Енді осы жерде атом электр станциясын саламыз деген мәселе жоқ. (АЭС-құрылысын бастау үшін – автор) кешенді процедура жүргізу керек. Бәрі халықаралық талаптарға және Қазақстан заңына байланысты. Процедура енді басталып жатыр, - деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. LIVE
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы