Министр 4 күндік жұмыс аптасы туралы түсіндірді

Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл шілде айынан бастап елімізде 4 күндік жұмыс аптасы қосылатыны айтылды. Бұл тәжірибе қалай жүзеге асып жатыр? 4 күндікке көшіп жатқан мекемелер бар ма? Осы сұрақтарға министр жауап берді.

Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бойынша шешіледі. Жұмысшы құжатты қарап, «осы жұмада 4 күн жұмыс істеймін, ендігі жұмада 5 күн істеймін» деп өзіне график жасап ала алады. Яғни жұмыс берушімен келісе отырып, реттейді, - деді Жақыпова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Светала Жақыпова депутат Ринат Зайытовтың ұсынысына жауап берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы