Министр 2030 жылға қарай энергия тапшылығы болатынын айтты

Қазақстан атом энергиясын пайдалануды жоспарлап отыр. Энергетика министрі Алмасалам Сәтқалиев үкімет отырысында осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бекітілген қуат теңгеріміне сәйкес 2030 жылға қарай резервтің қажетті деңгейі 17% болғанда, электр қуатының қажеттілігі 28,2 ГВт болады. Бұл ретте жаңа қуаттарды ескеріп, қолда бар қуат 22 ГВт деңгейінде болады. Біртұтас электр энергетикалық жүйедегі электр қуаты тапшылығының көлемі 6 ГВт-тан асады, оның ішінде шамамен 4 ГВт – жаңа қуаттар. Орталық Азия елдеріндегі теңгерімді талдау 2030 жылға қарай 2,7 ГВт көлемінде электр қуаты тапшылығын көрсетіп отыр, - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, 2030 жылы елімізде энергия тапшылығы туындауы ықтимал.

Бұнда шамамен қосымша 26 ГВт жаңа қуаттарды енгізу қарастырылады. Бұл жоспар бұрын Президент жанындағы энергетикалық кеңес отырысына шығарылған. Кейін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескеріп пысықталды, - деді Сәтқалиев. 

Елімізде электр энергетикасы саласын дамыту жоспарын сәтті іске асырылса, 2035 жылға қарай отын түрлері бойынша белгіленген қуаттың құрылымы мынадай болады:

Жаңартылатын энергия көздері – 24,4%;
Гидроэлектр станциялары – 10,8%;
Газ – 25,8%;
Көмір – 34,3%;
Атом электр станциясы – 4,7%

 2035 жылға қарай жылына 44 млн тонна СО2 деңгейінде көміртекті офсетке қол жеткізу жоспарда бар, - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы