Министр: 2029 жылға қарай қазақстандықтардың жартысы спортпен айналысады
Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда бүгінде 8,4 млн адам жүйелі түрде спортпен шұғылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұқаралық спортты дамыту – Қазақстанның спорт саясатының басты бағыты. Халық арасында спортты насихаттау – салауатты ұлттың негізі. Бүгінде 8,4 млн адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Бұл – халықтың 41,4 %-ы. Мақсат – бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50 %-ға жеткізу, - деді министр.
Оның сөзінше, халық арасында ең танымал спорт түрлері – футбол, волейбол, баскетбол, сондай-ақ марафондар мен жаппай жүгіру жарыстары.
2024 жылдың қорытындысы бойынша халықтың спорт инфрақұрылымына қолжетімділігі – 55,1 %-ды құрады. Ең жоғары көрсеткіштер Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында. Тұжырымдамаға сәйкес бұл көрсеткішті 2029 жылы 65 %-ға жеткізу міндеті тұр, - деді Мырзабосынов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы