Министр 10 миллион теңге жалақы алған бапкерге қатысты пікір білдірді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ісі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, Футбол федерациясы маманды қолдайды. Ал еңбек инспекциясы жасалған келісімшарттың заңдық күші бар деп таныған.
Федерация бапкер Әлиевтің әділ екендігіне сенімді. Еңбек инспекциясы шартты жарамды деп таныды. Әлиев кассацияға береді. Әзірге айтарымыз осы, - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр 10 миллион теңге көлеміндегі жалақы алудың қаншалықты заңды екендігіне қатысты жауап берді.
Осы процедуралардың қорытындысы бойынша нақты жауап береміз. Қазіргі уақытта министрліктің бұл мәселе бойынша айтары жоқ, - деді Мырзабосынов.
Еске салайық, Qyzyljar футбол клубы (Петропавл) команданың бас бапкері Әли Әлиевке қатысты сотта жеңілген болатын. Футбол клубының өкілдері Әли Әлиев 10 миллион теңге көлемінде жалақы алған еңбек шартын жарамсыз деп тануды талап еткен. Алайда бас бапкер штаттық кесте бойынша 1 миллион теңге жалақы алуға тиіс. Сот 2024 жылғы 3 қаңтардағы келісімшартты жарамсыз деп таныды.
Айта кетерлігі, Әли Әлиев биыл 22 мамырда Қазақстан футбол құрамасына бас бапкер болып тағайындалды.