"Минералдарды шайып тастайды": Су сүзгілерін орнату бизнеске айналды ма?

Инженер-химик Алма Алшынбаева кейбір су сүзгілері судың құрамындағы пайдалы минералдарды алып тастайтынын айтты. Бәрі сүзгінің түріне байланысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кейбір су сүзгілері суды жұмсақ тазалау әдісімен тазартады. Яғни ағзаға қажет судың қаттылығы, су құрамындағы микроэлементтер, минералдар мен тұздар қалады. Алайда қазір судан барлық минералдар мен тұздарды алып тастайтын сүзгілер бар. Сол кезде дистилденген су шығады, - деді инженер-химик.

Алма Алшынбаева адам ұзақ уақыт бойы сондай суды ішсе, ағзада кейбір микроэлементтердің тапшылығы туу мүмкін екенін атады.

Өлі суды жиі ішу ұсынылмайды. Өйткені ондай су ағзадағы минералдарды шығарып тастайды. Кейін оның орнын толтыру үшін дәрумендер ішеміз. Бұрын мұндай сүзгілер болмағанда адамдардың барлығы суды краннан ішетін, аллергиялық аурулар азырақ болатын, - деді маман.

Инженер-химик қазір су сүзгілерін орнату бизнеске айналғанын айтты. Сондықтан су сүзгісін орнатпас бұрын оның қасиеттерімен мұқият танысып шығуды ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы