Міндетті сәйкестігі расталатын өнімді ЕАЭО-ға әкелудің жаңа тәртібі қолданысқа енеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 30 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында міндетті сәйкестігін растауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің жаңа тәртібі қолданысқа енеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қағидалар ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген.

Одан бөлек, кедендік декларацияны ұсыну кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі құжаттарды немесе осы Келісім күшіне енгенге дейін бекітілген осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсыну талап етілетін өнімдердің тізбесі бекітілді. 

Сәйкестігі міндетті расталатын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібіне қандай өзгерістер енді? 

1. Кедендік рәсімдердің тізбесі алтыдан төртке дейін қысқарды. Енді орналастырылған кезде техникалық реттеу шараларын сақтау мына жағдайларда талап етіледі – ішкі тұтыну үшін шығару, еркін кедендік аймақ, мемлекет пайдасына бас тарту және арнайы кедендік рәсім.

2. Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау талап етiлмеген кезде барлық аталған кедендiк рәсiмдер үшiн ортақ жағдайлар мен шарттар белгiленген (хабарламаның бiрыңғай нысаны белгiленген).

3. «Қосалқы бөлшектер» және «біртектес» сияқты ұғымдардың анықтамалары белгіленді.

4. Сәйкестігін растау Одақтың техникалық регламенттерінде мемлекеттік тіркеу немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нысанында көзделген өнімді әкелу кезінде техникалық реттеу шараларына сәйкестігін растау бөлігінде ережелер нақтыланды.

5. Сәйкестiгi мiндеттi түрде расталуға жататын өнiмдi әкелу кезiнде сәйкестiктi растау құжаттары тауарларға арналған декларацияны (тауарларға арналған декларацияны бергенге дейiн тауарды шығаруға өтiнiш) тiркеу кезiнде жарамды болуы тиiс деп белгiленген.

6. Сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімді әкелу кезінде оларды кеден органдарына ұсыну үшін техникалық реттеу шараларына сәйкестігін растайтын құжаттарды пайдалана алатын тұлғалардың тізбесі белгіленді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы