Милюк пилоттық бағдарламаны жүзеге асырудан қандай нәтиже болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Учаскелік қызметкерлерінің әкімшілік істерге және профилактикалық есепке алу жұмыстарына жұмсалған уақытының 60%-ын үнемделді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелін бағалау алгоритмі іске қосылды. Жаңа Telegram арналары арқылы азаматтардың өтініштеріне жауап беру уақыты қысқарды (1 минуттан 5 минутқа дейін). Полиция қызметінің сапасын бағалау үшін өтініш берушілермен және құқық бұзушылармен кері байланыс форматы құрылды. Ал бұл бастамасы ғана, - деді Алексей Милюк. 

Оның айтуынша, алдын ала нәтижелер полицияның жедел-іздестіру бөлімшесін қызметтік үлгіге көшіру қажеттігіне нық сенімділік туғызды.

Жалпы екі пилоттың қорытындысы бойынша биылғы жылы полиция қызметінің моделін кеңінен енгізу Тұжырымдамасы және одан әрі іс-шаралардың тиісті жоспары әзірленеді, - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы