Миллионнан астам оқушы бір мезгілде ұлттық ойындар ойнайды

Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің мәліметінше, 17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды. Челлендждің мақсаты — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған, - дейді департамент директоры Меруерт Медетбекова.

Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы