Миллиардтар қайда кетті? Үкімет МӘМС-ті тексеруге кірісті

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесін 1 шілдеге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Тиісті тексерулер басталып кетті. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады. Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануға тиіс. Бұл қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, - дейді Бектенов.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне жүргізілген кешенді тексеріс барысында бірқатар елеулі заңбұзушылықтар анықталғанын мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы