Миллиард теңге тұратын мемориалдық кешен құрылысы: ҰЭМ жобаны мақұлдамады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешен құрылысының жобасын Ұлттық экономика министрлігі мақұлдамады.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын «Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешеннің құрылысы» жобасы нақтыланған жағдайда құрылысқа республикалық бюджеттен 511,9 млн теңге бөлу туралы Ұлттық экономика министрлігіне өтініш берілген болатын.
Алайда қазіргі уақытта «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында білім беру нысандарын жаңғырту, яғни мектептерді кеңейту, балабақшалар салу, денсаулық сақтау - емханаларды жөндеу, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу және басқа да әлеуметтік нысандар басым бағытта, - деді министрлік.
Дәлірек айтқанда, бұл нысанға (ред. - Түркістан облысындағы мемориалдық кешен) министрлік қолдау көрсетпейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы