Бүгiн 2026, 06:41 Фото: Repubblica Milano

Миланда трамвай рельстен шығып кетті

Апаттың себебі – алдын ала мәліметтер бойынша, трамвай жүргізушісі кенеттен өзін нашар сезінген.

Миланда трамвай рельстен шығып, ғимаратқа соғылып, екі адам қаза тауып, 38 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, трамвай жүргізушісі кенеттен өзін нашар сезінген.

La Repubblica хабарлауынша, жарақат алғандардың кейбіреулері ауыр халде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан 9-шы трамвай солға бұрылудың орнына қиылыста түзу жүріп кеткен. Ол бұрылыстағы ғимаратқа соғылып, бағдаршамды құлатып, мейрамхананың терезесін қиратқан.

Милан мэрі Джузеппе Сала трамвай жолаушысы мен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамның қаза тапқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Нигуарда жедел жәрдем бөлімінде 38 адам емделуде.