Милан мен Астана арасындағы жаңа рейс іске қосылды
Милан мен Қазақстан астанасын байланыстыратын NEOS-тың жаңа рейсі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ халықаралық әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Альберти Марко және ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Әділет Көбеновтің қатысуымен Милан-Астана рейсінің ресми ашылуы салтанатты түрде өтті.
NEOS авиакомпаниясының рейстері Boeing 787 Dreamliner ұшағында орындалады, бұл жолаушыларға Миланнан Қазақстанның астанасына және кері бағытқа жылдам әрі жайлы саяхаттауға мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.
Шара қонақтары екі астана арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.
NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы мен көлік-логистикалық саласының дамуына оң әсер етеді, деп сендірді.