10 Наурыз 2026, 18:14
Фото: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі
Милан-2026: Ербол Хамитов Паралимпиадада Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салды
Қазақстан Италиядағы Паралимпиадада алғашқы медалін иеленді
Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Жүлдені ел қоржынына Ербол Хамитов салды. Ол шаңғы жарысында (отырып жарысу) үздік үштікке енді. Қазақстандық спортшы спринтте үшінші орын алды. Хамитов 2:29.9 уақытта мәреге жетті. Қытайлық Цзысюй Лю жарыс жеңімпазы атанды - 2:28.9. Ал бразилиялық Кристиан Вестемайер 2:29.6 уақыт нәтижесімен екінші орын алды, - деп жазылған комитеттің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының ойыншысы Қытайдағы төбелесі үшін жазаланды.