Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Ташкеннтте басталған лицензиялық Азия чемпионатының алғашқы күнінде атақты Милад Карими көпсайыс бағдарламасында күміс жүлдеге болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметіне сәйкес, бұл 24 жастағы Милад Каримидың сары құрлықтағы 6-шы жүлдесі. Бұған дейін ол әр жылдары 1 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алған еді.

  • 1-орын (Филиппин) Карлос Юло (2 дүркін Әлем чемпионы) — 84,931 ұпай
  • 2-орын (Қазақстан) Милад Карими — 84,632 ұпай
  • 3-орын (Өзбекстан) Абдулла Азизов — 82,431 ұпай

Дәл осы жеке сайыста Париж олимпиадасының 1 жолдамасы сарапқа салынған еді. Алайда отандасымыз 79,598 ұпай жинап, бұл мүмкіндіктен айырылды. Ал лицензия Абдулла Азизовқа бұйырды.

Ерлерден бөлек, жасөспірімдер арасында да жарыс өтеді. Бәсеке 19 мамырға дейін жалғасады. Одан кейін әйелдер сынға түсетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзгелердің жаңалығы