Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогінде үздік төрттікке енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің финалы өтіп жатыр, деп жазды Olympic.kz. 

Қазақстандық Милад Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша төртінші орын иеленді. 

Милад 14.033 ұпай жинаған.  

Бірінші орынды Хорватия, екінші орынды Венгрия, үшінші орынды Түркия спортшылары еншіледі.  

Айта кетейік, Милад Карими Осиектегі кубоктік кезеңде еркін жаттығудан чемпион атанған болатын. Сондай-ақ ол қоссырықтағы жаттығу бойынша күміс жүлдені жеңіп алды.   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы