Милад Карими гимнастикадан әлем кубогінің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі жалғасуда. Қазақстандық Милад Карими екі жаттығу бойынша финалға шықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол қол тіреп секіруден 14.008 ұпай жинап, төртінші орынмен финалға жолдама алды.

Сондай-ақ Карими гимнастикалық кермедегі жаттығудан 13.350 ұпай алып, ақтық сынға өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы