Микроқаржылық ұйымдар мен борышкердің салық ауыртпашылығы уақытша төмендетіледі

Микроқаржылық ұйымдар үшін борышкерге қойылатын талаптың мөлшері азайтылған кезде пайда болатын провизиялар (резервтер) мөлшерін төмендету бойынша салықтық жеңілдік енгізілмекші, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Салық кодексіне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға (ломбардтарды қоспағанда) қатысты өзгертулер олардың салық салу ерекшеліктерін ескере отырып енгізілген және толықтай салық салудан босатуды көздемейді.

Қазіргі уақытта корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу кезінде мұндай ұйымдар берілген микронесиелерді қайтармаумен байланысты залалдарды шегерімге жатқызады.

Бұл ретте аталған микронесиелерді кешірген жағдайда микроқаржылық ұйым корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде бұрын шегерімге жатқызылған сомаларды кірісіне қосады.

Осыған орай, халықтың несиелер бойынша проблемалық берешектерін азайту мақсатында Заң жобасымен корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде қарызды кешіруден туындаған кірісті, бірақ тек 0,2 коэффициент мөлшерінде және тек борышкерге қойылатын талапты азайтқан жағдайда танымауды көздейтін уақытша (2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін) алып қою қарастырылған.

Микроқаржылық ұйым жеке тұлғаның микронесие бойынша қарызын кешірген кезде мұндай тұлғада кіріс пайда болады. Заң жобасымен салық салу мақсатында коллекторлық агенттік мемлекеттік бажды төлеу нәтижесінде алған табысын қоса алғандағы мұндай кірісті жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырмау көзделген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - Архив
Өзгелердің жаңалығы