Елордада микроқаржы ұйымының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі хабарлауынша, шабуыл жасаған ер адам ұсталды.

Сағат 17:45-те Полиция департаментінің жедел басқару орталығына микроқаржы ұйымының кеңсесіне шабуыл жасалды деген хабарлама келді. Хабарласқан қыз оған белгісіз тұлға шабуыл жасап, пышақпен қорқытып, ақшаны ашық түрде ұрлауға әрекет жасаған. Оқиға орнына дереу "Байқоныр" аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жетті. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне бір тәулік ішінде түсті, - делінген хабарламада.


Полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша ер адам 1992 жылы туған қала тұрғыны. Оның тұрақты жұмыс орны жоқ және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған азамат микроқаржы ұйымының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасағанын мойындады. "Байқоныр" аудандық ПБ-нің полиция қызметкерлері қылмысты айғақтайтын зат та тәркіледі, - дейді полиция қызметкері.

Қазір ұсталған азамат Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 192-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы