Микроқаржы кімге және қалай беріледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Микроқаржыландыру және жобаларды сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары Ринат Кемешов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Микроқаржы ұйымдары Қазақстан бойынша ашылып, жұмыс істеп жатыр. Қабылдау өткен айдың 15-інен бастадық. Қазіргі таңда 600-ден астам өтініш келіп түсті. Жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрады. Ауылдық жерде жалпы сомасы 7 млн теңгеге дейін несие беріледі. Қалада 18 млн теңгеге дейін, Шымкент, Ақтау және Атырау өңірлерінде 23 млн теңгеге дейін несие беріледі, - деді ол.
Кемешов айтқандай, несие 6 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға дейін беріледі.
Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтарға 7 жылға дейін микроқаржы беріледі. Жем-шөп, мал өнімдерін дамытатын шаруа қожалықтарына 1 жылға дейін жеңілдіктер болады. Бұл шалғайда жатқан шаруашылықтарға кәсібін дамытуға мүмкіндік береді. Кепілдік ретінде жылжымалы мүлік қабылданады. Екінші деңгейлі банктерге қарағанда микроқаржы беру ұйымдарының талаптары жеңіл, - деді Ринат Кемешов.
Ол айтқандай, несиені беру 11 күнде қаралады.