Михаил Ефремовке қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот Михаил Ефремовті 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

РИА Новости-дің хабарлауынша, сот үкімді шығарар кезде актердің кінәсін мойындамағанын есепке алған.

Бұған дейін прокурор белгілі әртіске 11 жыл сұратқан болатын.

Сот үкімін тыңдауға актер Иван Охлобыстин, музыкант Гарик Сукачев және айыпталушының әйелі Софья Кругликова қатысты.

Сот сараптама нәтижесін оқу барысында, апат болған сәтте Ефремовтің көлігі сағатына 80-90 километр жылдамдықпен жүргені анықталғанын, көлік құралының еш ақауы болмағанын және көліктің апат салдарынан майысқанын атап өтті. 

Сот Михаила Ефремовті 8 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол Сергей Захаровтың үлкен ұлына 800 мың рубль (5 млн теңге шамасында) төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, актер 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 8 маусымда Мәскеу орталығында ресейлік актер Михаил Ефремов жол апатына ұшырап, жүргізуші қайтыс болғаны хабарланды. Ол сот отырысында апат кезінде не болғаны есінде жоқ болған соң кінәсін мойындамайтынын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы