Михаил Шайдоров пен Надежда Морозова Олимпиада үшін мемлекеттік сыйлықтар алды
Ақшалай сыйақыларды мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, конькимен жүгіруші Надежда Морозова және олардың жаттықтырушылары алды. Сонымен қатар, спортшыларға пәтер беріледі.
Қазақстан Үкіметі Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай сыйақы төлеуді бекітті. Бұл мақсатқа Үкімет резервінен 250 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.
Қаулыға сәйкес, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың күміс жүлдегері Михаил Шайдоров 250 мың АҚШ долларын алады. Ойындарда ең үздік алты спортшының қатарына енген конькимен жүгіруші Надежда Морозова 5 мың АҚШ долларын иеленеді.
Ақшалай сыйақылар спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына да қарастырылған. Жалпы алғанда, төлемдерді екі спортшы мен бес жаттықтырушы алады.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар олимпиадашыларға қосымша қолдау көрсетеді. Әкімдіктер қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтерлер береді.