Михаил Шайдоров Непела мемориалында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 272,75 ұпай жинады.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өткен ISU Challenger сериясындағы Memorial Ondrej Nepela халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитет мәлімдеді.
Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Олимпиада чемпионы 272,75 ұпай жинады. Шайдоров қысқа бағдарламада 95,98 ұпай, еркін бағдарламада 176,77 ұпай алды.
Бірінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко иеленді. Оның қорытынды нәтижесі 292,09 ұпайды құрады.
Екінші орынға 278,80 ұпай жинаған Италия өкілі Даниэль Грассль жайғасты.
Ондрей Непела мемориалы Михаил Шайдоров үшін 2026/27 жылғы маусымдағы алғашқы халықаралық турнир болды.
Айта кетейік, кеше Михаил Словакияда өткен ISU Challenger сериясындағы Nepela Memorial 2026 халықаралық турнирінде жаңа жарыс маусымын сәтті бастап, Непела мемориалындағы қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты.