Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров екінші орынға тұрақтап, нәтижесінде сол орынды сақтап қалды.
Еркін бағдарламадағы өнері үшін қазақстандық спортшы 182,96 ұпай жинады. Жалпы есеп 276,17 ұпай болып, ол жарысты күміс медальмен аяқтады.
Бірінші орынды жапондық Сюн Сато 278,48 ұпаймен жеңіп алды. Үздік үштікті француз Адам Сяо Хим Фа 252,53 ұпаймен түйіндеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысындағы жарылыс: Мектеп қазандығы жаңартылды
Келесі жаңалық
Су кодексінің жобасына жаңа пункттер қосылды
Өзгелердің жаңалығы