Михаил Кукушкин Индиан-Уэллсте негізгі турнирге жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс мастерс турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Дүниежүзілік рейтингте 154-орында тұрған Михаил іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 93-ракеткасы, жапониялық Есихито Нисиокамен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 18 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді. Кукушкиннің негізгі турнирдің бірінші айналымдағы қарсыласы - америкаллық Томми Пол.
Жүлде қоры 8,5 млн АҚШ долларынан асатын ірі жарыста Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик те өнер көрсетеді. Ол бірінші айналымда британдық Энди Маррей мен жапондық Таро Даниель арасындағы ойынның жеңімпазымен кезедеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Туристерге жалған билет сатқан алматылық әйел анықталды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы