Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті
Әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 256-ракеткасы, жапониялық Юта Шимизумен бақ сынасты.
Бірінші партияда жапониялық теннисші басым түсті – 6:4.
Ал екіншісінде М.Кукушкин намысқа тырысып, қарсыласын 6:3 есебімен жеңді.
Үшінші, шешуші сетте Михаил ойынды 3:1 есебімен аяқтап, матчты жеңіспен түйіндеді. Жалпы есеп – 6:4.
Екі сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 3 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) ойынды аяқтады.
Енді Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 259-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен таласады.
Айта кетейік, қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде қазақстандық теннисші 271-сатыға көтерілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖМ: Абай облысындағы орман өрті тұрақтанды
Өзгелердің жаңалығы