Қазақстан мигранттардың келуі жағынан көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бұрынғы КСРО елдерінің арасынан мигранттардың келуі бойынша 20% жетекші орында тұр. Бұл туралы Ресей Экономика универститеті аймақтық дамуды сандық зерттеу әдістері зертханасының меңгерушісі Елена Егорова хабарлады.
«Бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішінен Қазақстанда мигранттар саны ең жоғары - 20%, ал ең төмені Грузия мен Әзербайжанда - 2%-дан кішкене ғана жоғары», - деді Егорова.
Оның айтуынша, Балтық жағалауы елдерінің ішінде мигранттар Эстонияға көбірек келеді - барлық тұрғындардың 14,7%-ы, Латвияға - 13%, ал Литвада - 4%.
Ресейде мигранттардың үлес саны - 8%-ды құрайды.
Сейсенбі күні Дүниежүзілік Банк өзінің есебінде Еуропа мен Орталық Азияда экономикалық өсу қарқыны бәсеңдейтінін, сонымен қатар демографиялық жағдай нашарлап бара жатқанын және осы мәселені шешуге еңбек күшінің келуі оңтайлы әсер ететінін атап өткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы