Microsoft OpenAI акцияларының 27 пайызын иеленді
OpenAI компаниясы құрылымдық өзгерістер жүргізіп, жаңа коммерциялық емес ұйым – OpenAI Foundation арқылы басқарылатын OpenAI Group PBC холдингіне біріктірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа келісім аясында Microsoft корпорациясы OpenAI компаниясының 27% үлесін алады. Осылайша, америкалық техногигант ұйымның негізгі басқарушыларының бірі болып қала береді.
Қазір OpenAI Foundation шамамен 130 миллиард долларға бағаланған коммерциялық ұйымның үлесіне ие. Бұл оны әлемдегі ең жақсы қаржыландырылған қайырымдылық құрылымдарының біріне айналдырады, — делінген OpenAI-дің баспасөз хабарламасында:
Компания мәліметінше, жаңа капиталдандыру моделі қорға қосымша меншік құқығын да береді.
Сонымен қатар, Microsoft Azure API платформасына эксклюзивті зияткерлік меншік құқығын сақтап қалады және жалпы жасанды интеллект (AGI) кезеңі басталғанға дейін осы артықшылықтарды пайдалана береді.
AGI технологиясы ресми түрде іске асқан кезде, келісі
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қаржылық пирамида: тез байытамын деген тұзақтың шындығы
Өзгелердің жаңалығы