Ми неше жастан бастап тез қартаяды?

Адам миының алғашқы қартаю белгілері 44 жаста пайда болады, ал когнитивті құлдырау шарықтау шегіне 67 жаста жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ScienceAlert порталында жарияланған ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап.

Ғалымдар 20 мыңға жуық еріктінің когнитивті тесттері мен МРТ-сканерлеу нәтижелерін зерттеп, мидың тіндерінің қартаю процесі бұрын ойлағаннан әлдеқайда ерте басталатынын анықтады. Бұл өзгерістер нейрондық инсулинге төзімділікке байланысты, оның салдарынан ми глюкозаны тиімді сіңіру қабілетін жоғалтып, жұмысында бұзылулар орын алады.

Зерттеушілер кетондық қоспалардың тиімділігін сынап көрді. Олар глюкозаның жетіспеушілігін өтеп, нейрондардың инсулинге сезімталдығын жақсартуға көмектесті. Бұл қоспалар 40 пен 59 жас аралығындағы қатысушылар үшін ең тиімді болған.

Ғалымдардың айтуынша, уақытылы алдын алу және емдеу маңызды рөл атқарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: (Eoneren/E+/Getty Images)
Өзгелердің жаңалығы