Мейрамбек Бесбаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің танымал эстрада жұлдызы, "МузАрт" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы