Мейрамбек Беспаев ауруханаға түсті

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түсті.

Бұл ақпаратты «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай растады. 

Мейрамбекті кеше түсте жедел жәрдем алып кетті. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус екені анықталды, - деді Ерлан Жүнісбай.

Оның айтуынша, қазір әншінің денсаулығы жақсы. 

Қазір жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды. Телефонмен сөйлесіп отырамыз. Уайымдамаңыздар, жағдайы жақсарды. Онымен кеше кешке сөйлестім. Ол Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады, - деді «МузАРТ» тобының директоры.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы