«Мейірімділік керуені - 2020». Елімізде ерекше байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен онлайн брифинг кезінде айтылды.
Тұңғыш Президент қоры, Нұр-Сұлтан қаласы іскер әйелдер қауымдастығы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мейірімділік керуені - 2020» III республикалық байқауы басталды. Байқауға қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр.
Мейірімділік керуені бірлікті ту қылып ұстап, бүгінгі күннің нағыз қаһармандары, жетімнің көзін сүртіп, мұқтажға демеу болып жүрген азаматтарға іздеу салады. Мақсатымыз – жақсының жақсылығын айту, әлі де қайырымдылыққа қолы бармай жүрген азаматтарға үлгі болу, қаладағы қайырымдылық екпінін арттыру. Бір қолымын бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл арулар маңызды қозғалыстың бастауында тұр. Себебі «жақыныңа жанашыр бол» қағидасы ең алдымен аруларға айтылған іспетті, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Мөлдір Бөлекбаева.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған байқау игі істер жасайтын адамдарды анықтауға және оларды көтермелеуге, адамгершілік құндылықтарды танымал етуге бағытталған.
Бұл байқау сіз не сіз білетін адам жақсы істер жасағандарға, мұқтаж адамдарға көмектескендерге немесе қиын жағдайда батылдық танытқан адамдарға арналған.
Конкурсқа әлеуметтік проблемаларды шешуге өз үлестерін қосып, сол арқылы өзге азаматтарға үлгі болып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады, - деді Мөлдір Бөлекбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда қанша фабрикадан құс тұмауы тіркелгені белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы