Мейірімді қоғам құру өте оңай – Үзбен Құрманбайұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін елордадағы Ұлттық кітапханада Үзбен Құрманбайұлы «Мейірімді қоғам, мемлекеттің қажеттілігі, оның пайдасы» атты қоғамдық танымдық кітабының тұсаукесерінде айтты.
Мейірімді қоғам құру өте оңай. Адамды өлтіретін де, тірілтетін де бірауыз сөз. Елбасы алғаш тәуелсіздік алғанда конституциямызға азаматтық қоғам құру деген идеясын ұстанды. Содан бері 30 жыл болды. Отыз жылда жақсылықты да, жамандықты да артқа тастадық. Енді алға даму жолын өзіміз ашуымыз керек. Осы тұрғыда мейірімді қоғам құру арқылы біз халқымызды байлық пен бақытқа кенелте аламыз , – деді кітап авторы Үзбен Құманбайұлы.
Сонымен қатар ол еңбегінің басты идеясы - мейірімді қоғамның қалай жүзеге асатынын айта кетті.
Ол ең әуелі билік басындағылардан бастау алады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев барлық лауазым өкілдері, облыс әкімдерін мейрімділікке шақыруы керек. Біздің халқымыз басшысын сыйлаған халық, оның бірауыз сөзін жерге тастамайды. Бұндай тапсырма алғаннан кейін барлық басшылар сол күннен бастап есіктерін айқара ашады. Халықты қабылдап, сөзін тыңдайды. Орындалмаған тапсырмаларға кіріседі. Егер жасалмай қалған жағдайда мейірімділік қағидасын ұстанады. «Жақсы сөз жан семіртеді» дейді ғой, сондықтан әрбір адам мемлекетінен жақсы сөз естісе, өз елін қолдайды. Бұл биліктен басталып, халық арасында жалғасын табады, - деді қаламгер.
Автор бұл еңбегінде Қазақ елінде мейірімді қоғам қалыптастырып, мейірімділік заңдылығы салтанат құру арқылы қоғамдағы адамдар арасында мейірімділік орнайтынын, бұл қатынас қоғамды әп-сәтте оңалтатынын, адамдардың әл-ауқатын көтеріп, халықты тыныштандыратынын алға тартады.
Үзбен Құрманбайұлының бұған дейін «Оралған бақыт, орындалған арман», «Мәңгілік ел», «Тәуелсіздік – тағдыр сыйы», «Ақиқат», «Ерлік пен елдік» сияқты кітаптар, 60-қа жуық мақала жазып, көпшілік назарына ұсынған, әрбір кітабы оқырман қауымнан оң баға алып келе жатқан қаламгер.
Олжас АДАЙ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұхтар Тілеуберді АҚШ елшісімен кездесті
Өзгелердің жаңалығы