Мейірім Нұрсұлтанов «Канело» жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін 2 қарашада өткізеді,  деп хабарлайды Vesti.kz.   

25 жастағы Нұрсұлтанов Лас-Вегастағы MGM Grand аренасының бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) жартылай ауыр салмақта ресейлікке тиесілі WBO белбеуі үшін жұдырықтасады.  

Қазақ боксшының қарсыласы әзірге белгісіз. 

Мейірім соңғы рет тамызда Челябіде Ковалевтің андеркартында жұдырықтасып, Артур Осиповті (15-2, 10 КО) жеңген. 

Ковалев пен Нұрсұлтановтың ісін белгілі америкалық менеджер Эгис Климас және Main Events промоутерлік компаниясы жүргізеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы