Метеорология: Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

14 наурыз күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 10 наурыз, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы