Металлургияны таңдаған әр адамның еңбегін ерекше құрметтейміз – Ахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Бұл туралы Алтайньюс хабарлады.

Бүгін Шығыс Қазақстан үшін ерекше мәні бар мереке - Металлургтер күні. Өйткені, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ШҚО - еліміздің металлургия өнеркәсібінің флагманы. Металлург мамандығын еңбекқор, адал, мақсатты, жұмыстан қорықпайтын және өз ісіне жауапты адамдар таңдайды. Сондықтан олар-біздің ең құнды капиталымыз, еліміздің игілігі үшін еңбек етіп, экономиканың дамуына баға жетпес үлес қосып келеді. Әрине, өңірде аты аңызға айналған кәсіпорындар жұмыс істейді, онда өндірістің жаңа технологиялары үнемі енгізіліп, игеріліп отырады, өндіріс жылдан жылға артып келеді. Біз металлургия саласын таңдаған әр адамның еңбегін ерекше құрметтейміз. Кәсіби мереке күні барлық металлургтер мен олардың отбасыларына денсаулық, еңбекте табыс, амандық пен бақыт тілеймін! – деді Даниал Ахметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы