Металлург: Осы саладағы отбасымыздың еңбек тәжірибесі 193 жыл

Ертіс өңірі - өндіріс пен энергетика, химия мен тау-кен салалары қарқынды дамыған өлке. Жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай облыста саналы ғұмырын өнеркәсіпке арнаған мыңдаған әулет бар десек артық айтпағандық болар. Солардың бірі – 193 жылдық еңбек тәжірибесі бар Бакраденовтер жанұясы. Металлургтердің кәсіби мерекесінде BAQ.KZ агенттігінің тілшісі өнегелі әулет өкілі Рустам Бакраденовпен сұхбаттасып, бірнеше сұрақ қойды.

- Рустам Қыдырбайұлы, металлург мамандығын таңдауыңызға не себеп болды?

- Әкем Қыдырбай 1976 жылдан бері Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс істеді. Мен металлургтер арасында өстім. Әкемнің достары, туыстары мен таныстары, тіпті, көршілерінің арасында бұл мамандыққа бет бұрғандар көп болды. Сондықтан болар, есейген шақта бұл саланы ойланбастан таңдадым. Бір сөзбен айтқанда, бала кезден металлургия, зауыттағы жұмыс туралы көптеген әңгімені естеп өстім. Сол кезде әкем шебер металлург болып еңбек етті. Мектепті тәмамдаған кезде елімізде небары үш метталлургиялық институт болды. Мен солардың қатарындағы жетекші оқу орындарының бірі Қарағанды металлургиялық институтына түстім. Терең білім алумен қатар, институттың қоғамдық өміріне белсенді араласып отырдым. Оқуда озат болдым. Сонымен қатар, студенттік кәсіподақ ұйымын басқардым. Оқуымды тәмамдаған соң тобымыздан тоғыз адам Ақсу қаласына жолдамамен келдік. Олардың кейбіреулері еліміздің өзге металлургиядық алыптарына еңбек етуге аттанды.

- Туған қалаңызға оралсаңыз, еңбек жолыңыз да осы жерден басталғаны заңдылық шығар?

- Иә, еңбек жолымды ферросқорытпа пешінің көрікшісі болып бастадым. 2000 жылы туған қалама оралдым. Әлі есімде бастапқыда №28 пештің көрікшісі қызметіне кірістім. Араға жарты жыл өткен соң жоғары білімі бар мамандарға бесінші дәрежеден алтыншы дәрежеге көтерілуге рұқсат берілді. Бұл дәрежеге ие болу үшін учаске бастығы Александр Сусловқа жеке емтихан тапсырдым. Осындай қызметті алғашқы еңбек демалысыма дейін атқардым. Ал оралған соң жетінші дәрежедегі пеш бригадирі лауазымына тағайындалдым. Сол сәтте бұл қызметті ондаған жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандарды тағайындайтын. Мен жас маман ретінде осындай мүмкіндікке ие болдым. Осылайша, №21 пештің бригадирі болып шыға келдім. Бір қызығы, әкем дәл осы жерге 10 жыл бойы жетекшілік еткен. Бұл пеш 1988 жылы «Кеңес Одағының үздік пеші» атағына да ие болып, еліміздің абыройын асырды. Бүгінгі таңда бұл тарихи сәт туралы үйімнің төрінде ілініп тұрған жалауша сыр шертеді. Жәдігер шаңырағымызда көздің қарашығындай сақтаулы. Араға бір жыл салған соң бірінші бригадаға шебер болып ауыстырылдым. Кейін ауысым бастығы, аға шебер лауазымдарында еңбек еттім. Осы кезеңдерде пештердің технологиялық үрдістерін басқару жүйесін автоматтандыру шараларына тікелей қатыстым. Нәтижесінде №25 және №26 пештерді автоматтандыру жобасы кәсіпорнымыздың ғылыми-техникалық конференциясында бірінші орынға ие болды.

- Металлург мамандығының қиындығы неде? Қызығы ше?

- Менің ойымша, металлург – нағыз ер жігітке тән мамандық. Қоғамда абыройлы, жауапкершілігі мол жұмыс. Әрине, қызығы мен қиындығы қатар жүретін күрделі мамандық. Оны жасыра алмаймыз. Еңбекте ферроқорытпа өндірісінің қыр-сырын меңгеру аздық етеді. Жүздеген адамнан тұратын ұжыммен тіл табыса білген абзал. Біздің құрылымымызда 430 қызметкер бар. Араларында 18 жастағы жігіттер де, 60 жасты алқымдаған ардагерлер де бар. Әрқайсымен тату-тәтті қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс істеген маңызды. Жастарға үлгі болып, тәжірибемізбен бөлісуге тырысамыз. Ізімізді басып, абыройлы мамандықты жалғастыратын осы келер ұрпақ емес пе? Біздің жұмыстар кездейсоқ, адасып жүрген адамдар жоқ. Мамандықты сүю керек. Сүйіспеншілік болмаса, табысты еңбек ету екіталай.

- «Бақыттың кілті - еңбекте» деп айтып атамыз. Сіз әке жолын қуып, осы саланы таңдағынығызға өкінбейсіз бе?

- Мамандықты саналы таңдағанда ғана еңбек адамды бақытты етеді. Бұл – менің өмірлік ұраным. Мамандықты дұрыс таңдағандықтан, зауыттыға әр күнім қуанышты сәттерге толы болады деп ауыз толтырып айта аламын. Металлург қан мен тер, ыждахаттылық пен еңбекқорлықты талап ететін мамандық.

- Білуімше, сіз әріптестеріңіздің арасында өндірістік үрдістерді жақсартуға атсалысқан рационалды идеяларыңызбен танымалсыз. Бұл туралы толығырақ айтап берсеңіз.

- Еңбек жолымда өндірісті оңалтуға бағытталған онға жуық рационализаторлы идеялар енгізілді. Тиімділіктері әртүрлі. Металлургтер үшін ең маңызды дүние - ол ферроқорытпаның бір тоннасының өзіндік құнын азайту. Өзіндік құнның басым бөлігі шикізаттан қалыптасады. Ферроқорытпа өндірісі үшін көміртекті қалпына келтіргіш маңызды. Бұл зат Ресей мен Қытайтан сатып алынады. Бағасы өзіндің құнның 25-30%-ын құрайды. Демек, бұл шығынды азайту керек. Кейін шетелдік кәсіпорындарда болып, құрамында кремний қорытпалары бар кокссыз өндіріс технологиясы бойында тәжірибе алмастым. Кокс ферроқорыттпа өндірісінде қымбат көміртекті қалыпқа келтіргіш саналады. Біз оны арзан материалмен алмастырдық. Яғни, көмір немесе жартылайкокс. Айтарлықтай арзан және бағасы айтарлықтай арзан. Техникалық директордың орынбасары болып жұмыс істеген кезде бұл мәселемен айналыстым. Соңғы бес жыл бойы бұл технология енгізілді.

- Әкеңіз бен өзіңізден бөлек бұл салада еңбек еткендео бар ма?

- Туған бауырым 10 жыл бойы Ақсу ферроқорытпа зауытында инженер-механик болып еңбек етті. Қызым Дилара Мәскеудегі болат және қорытпа институтына оқуға түсті. Бұл – менің арманым еді. Екі жыл бұрын оқуын аяқтаған соң зауытта әкем жұмыс істеген цехта экономист болып жұмыс істеді. Кәсіпорында осындай еңбекқор әулеттер жетерлік. Әрқайсысы туралы көп нәрсе айтуға болады.

- Кәсіби мерекеңізді әдетте қалай атап өтесіз?

- Ақсу – металлургтер шаһары. Бұл мерекені қала халқы бір адамдай атап өтеді. Үлкені мен кішісі бұл мерекені жақсы көреді. Ал нағыз металлургтер кәсіби мейрамдарын зауыт ішінде, цехта, жұмыстың қызыған ортасында қарсы алады.

- Сұхбатыңызға рахмет! Мерекеңізбен!

- Көп рахмет!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы