Металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Ұлттық компанияның ірі мөлшерде металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
21 сәуір күні Индер-Махамбет магистральды газ құбырларын заңсыз шығару арқылы «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ ұлттық компаниясының қорына ірі мөлшерде залал келтірумен байланысты қылмыстық істерді тергеу аясында Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша 1978ж.т., 1984ж.т., 1988ж.т., күдіктілерді анықтап, ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Басқа мәліметтер тергеудің құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық футболшы шетелдік команда сапында үш гол салды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы