Meta компаниясына 25 млрд доллар айыппұл салынды
Сот мәліметінше, 2010–2021 жылдар аралығында компания пайдаланушыларға жеке ақпаратты жинау, пайдалану және үшінші тараптарға беру тәртібі туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер ұсынған.
АҚШ-тың Нью-Мексико штатының соты Facebook әлеуметтік желісінің иесі Meta компаниясын пайдаланушылардың жеке деректеріне қатысты жаңылыстырғаны үшін 25 млрд доллар төлеуге міндеттеді. Бұл туралы BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап хабарлады.
Сот мәліметінше, 2010–2021 жылдар аралығында компания пайдаланушыларға жеке ақпаратты жинау, пайдалану және үшінші тараптарға беру тәртібі туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер ұсынған.
Іс Facebook қолданушыларының деректерін саяси кеңес беру мақсатында пайдаланған Cambridge Analytica компаниясына қатысты жанжалмен де байланысты. Сот бастапқыда есептелген 219 млрд доллар айыппұлды 25 млрд долларға дейін қысқартты.
Біз апелляциялық сотта жеңіске жететінімізге сенімдіміз, – деп мәлімдеді Meta өкілі.
Компания сот шешіміне шағым түсірмек.
Айыппұлдың түпкілікті тағдыры апелляциялық соттың шешіміне байланысты болады.