10 Тамыз 2021 2021, 07:40
Месси «ПСЖ» сапында қай нөмірде ойнайтыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Marca мәліметінше, аргентиналық шабуылшы париждік командада қандай нөмірде ойнайтынын шешіп қойған.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Marca мәліметінше, аргентиналық шабуылшы париждік командада қандай нөмірде ойнайтынын шешіп қойған, деп жазады Prosports.kz.
34 жастағы ойыншы өзіне 30-ойын нөмірін таңдады. Дәл осы нөмір таңбаланған жейдеде аргентиналық футболшы «Барселонадағы» алғашқы ресми матчын өткізген.
ПСЖ көшбасшысы Неймар Мессиге 10-нөмірді беруге дайын екенін жеткізгенімен, Лионель бас тартқан.