Месси осы маусымнан кейін басқа клубқа кетеді

ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси париждік клубпен келісім-шартын ұзартпайды. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо Twitter-де хабарлады.

Инсайдердің айтуынша, футболшы мен ПСЖ клубының басшылығы бір келісімге келе алмаған.

Бұған дейін де көп рет Мессидің Франция клубынан кететінін туралы айтылып келген еді. Енді мәселе түбегейлі шешілшен сияқты, – деді журналист.

Енді ол «Барселона» клубында немесе Сауд Арабиясының командаларының бірінде ойнауы мүмкін. Месси осы маусымда Франция чемпионатында 31 матчта 16 гол салып, 16 нәтижелі пас берді.

ПСЖ сапында Франция чемпионы атанған Месси ең көп жүлде алған Дани Алвестің рекордын қайталады. Аргентиналық осы уақытқа дейін  43 жүлде иелеген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/leomessi/
Өзгелердің жаңалығы