Месси өнер көрсететін клуб тарихи оқиғасымен бөлісті

«Интер Майами» өз тарихында алғаш рет халықаралық жолдастық турнирге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

Лионель Месси осы жаздан бері өнер көрсетіп жүрген команда Қытайға барып, онда «Циндао Хайнью» (5 қараша) және «Чэнду Синчэн» (8 қараша) командаларымен кездеседі. Гастроль 2024 жылғы маусымға дайындық ретінде ұйымдастырылған.

Интер Майами осы маусымда MLS плей-офф кезеңіне өте алмады. 32 ойыннан кейін команда Шығыс конференциясында 33 ұпай жинады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: prosports.kz
Өзгелердің жаңалығы