4 Қараша 2023 2023, 16:14
Месси Еуропа клубтарының біріне орала ма?
Лионель Месси Еуропа футболына қайта оралмайтынын айтты.
Интер Майами клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Еуропа футболына қайта оралмайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен Еуропада ерекше мансап құрдым және армандағанымның бәрін жеңдім. Енді АҚШ-қа келуді шештім, Еуропада ойнауға қайтып ораламын деп ойламаймын, - деді форвард.
30 қазанда аргентиналық шаьуылшы сегізінші рет «Алтын допты» иегері атанды. Ол бұған дейін алтын допты 2009, 2011, 2012, 2013, 2016, 2019 және 2021 жылдары жеңіп алған болатын.