Месси әлемдік рекорд орнатып, "Майамиді" алғаш рет МЛС кубогінің финалына шығарды
АҚШ-тың "Интер Майами" футбол клубы өз тарихында алғаш рет МЛС кубогінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл кездесуде әйгілі Лионель Месси жасаған нәтижелі пас футбол тарихындағы жаңа әлемдік рекордқа айналды.
Флорида клубы Мессидің жетекшілігімен жартылай финалда өз алаңында «Нью-Йорк Ситиді» 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұған дейін плей-оффтан бірінші раундтан ары аса алмаған "Интер Майами" енді финалға дейін жетіп отыр.
Турнирдің шешуші ойынында Хавьер Маскерано жаттықтыратын команда 6 желтоқсанда "Ванкувер Уайткэпс"-пен кездеседі.
"Нью-Йоркке" қарсы матчта Лионель Месси бір нәтижелі пас беріп, сол арқылы венгриялық аңыз ойыншы Ференц Пушкаштың бүкіләлемдік көрсеткішін жаңартты. Мессидің қазіргі көрсеткіші – 405 голдық пас, бұл футбол тарихындағы ең жоғары нәтиже.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда экология саласындағы бірқатар стандарт бекітілді
Өзгелердің жаңалығы