Бүгiн 2026, 17:48
Фото: bbc.com
Месси рекорд жаңартты
Аргентина капитаны биылғы Әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанып тұр.
Әлемге әйгілі аргентиналық шабуылшы Лионель Месси өткен түні 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Кабо-Вердеге қарсы өткен жеңісті матчтың (3:2) үздік ойыншысы атанды.
Осы 20 голдың жетеуін 39 жастағы футболшы қазіргі мундиальда соқты. Ол әлі де ЧМ-2026 бомбардирлері тізімінде көш бастап тұр.
Одан кейінгі орындарда Мбаппе – 6 гол, Гарри Кейн мен Эрлинг Холанд 5 голдан тұр.
Сонымен қатар Месси әлем чемпионатындағы сегіз матч қатарынан гол соғып келеді. Бұл серияға 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының төрт кездесуі де кіреді.
Бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы бірегей рекорд. Бұған дейін мұндай жетістікке ешбір футболшы қол жеткізген емес.