Мешіттерде қандай уағыз айтылып жатқанын бақылау керек – Сапарбаев

Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Қордай ауданында 7 ақпан күні орын алған төтенше жағдай бізге, біздің елімізге өте үлкен сабақ болды. Біз осы оқиғалардан тәжірибе жинақтап, қайталанбауына күш салуға тиіспіз. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұл туралы бүгінгі халық алдында есеп беру жиынында айтты.

Аймақ басшысының сөзіне қарағанда, мемлекеттің заңы сол елде тұрақ тапқан барлық ұлт өкілдеріне бірдей деңгейде орындалуы керек. Сондықтан қоғамдағы жастардың тәрбиесіне, әсіресе, рухани тәрбиеге ерекше назар аударылуы тиіс.

Елдімекендердегі мешіттерде, мектептерде, діни бірлестіктерде қандай уағыздар айтылып жатыр, жамағатты қай бағытта тәрбиелеуде? Барлығын жіті бақылап отыру қажет. Қандай жағдайда болмасын, мемлекеттің негізгі саясаты орындалуы керек. Яғни, халықтың бірлігі мен татулығы, ынтымағы сақталуы тиіс, – деді Бердібек Сапаробаев.

Сондай-ақ жауапты органдарға ауылдық аймақтардағы құлшылық орындарының, діни ұйымдардың жұмысын әрдайым назарда ұстау, олардың саны және бағыт-бағдары туралы ақпарат жинақтау туралы тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, жаппай төбелес орын алған Қордай ауданында әлі күнге төтенше жағдай режимі сақталуда. Онда қаза тапқандарды саны 12-ге, жараланғандардың қатары 100-ге жетті. Өңір тұрғындары аудандағы жапа шеккендерге түрлі жолдармен көмек қолын созып жатыр.

н

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы