Мешіттер мен дүкендерде ұрлық жасаған “гастролёр” Алматыда ұсталды
Қарағанды облысының полицейлері гастролёр-ұрыны ұстап, бірқатар ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарағанды облысының полицейлері гастролёр-ұрыны ұстап, бірқатар заңсыздықтардың бетін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында Шымкенттің 20 жастағы тұрғынын ұстады. Ол еліміздің бірнеше өңірінде жасалған ұрлық қылмыстарына қатысы бар деген күдікке ілінді.
Алдын ала деректер бойынша, күдікті Қарағандыдағы сауда орталықтарының біріндегі зергерлік бутиктен әшекей бұйымдарды және жергілікті мешіттердің бірінен қолсөмкені ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 800 мың теңгеге бағалануда.
Тергеу кезінде ол Астана мен Алматы қалаларындағы мешіттерде жасалған тағы екі ұрлық дерегін мойындады. Бұл оның әртүрлі өңірлерде қылмыстық әрекетпен жүйелі түрде айналысқанын көрсетеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұрланған мүлікті анықтау және тәркілеу бойынша шаралар қабылдауда, сондай-ақ күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
- КТК, NCOC және OPEC+: мұнай бағасының өсуі Қазақстанға не береді? 08:16
- Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан мұржаның бір бөлігі құлады 08:11
- Бүгін Павлодар облысында оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды 07:48
- Зеленский: Украиналық дрон мамандары Парсы шығанағы елдеріне жіберіледі 07:14
- Трамп: АҚШ Иранның 10 мина тасымалдаушы кемесін жойды 06:35
- Иран АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастау үшін бірнеше шарт қойды 05:18
- Ақмола облысында 46 адам қар құрсауынан құтқарылды 04:27